АҚШ-та жасөспірім мектепте оқ жаудырып, өз-өзіне қол жұмсады

Қыркүйек 12, 2025 - 09:49
Қыркүйек 12, 2025 - 09:51
 0  7
АҚШ-та жасөспірім мектепте оқ жаудырып, өз-өзіне қол жұмсады

АҚШ-тың Денвер қаласының маңында қайғылы оқиға болды: Evergreen High School мектебінің 16 жасар оқушысы қатарластарына оқ жаудырып, кейін өз-өзіне қол жұмсады.

Атыс мектептің ішінде және сыртында болған. Полиция оқиға орнына 5 минутта жеткен, бірақ қару қолданбаған. Екі жасөспірім зардап шекті: біреуінің жағдайы қалыпты, екіншісі ауыр халде.

Оқиға орнында 100-ден астам қызметкер жұмыс істеді. Мектеп 1999 жылы Columbine High School мектебінде қайғылы оқиға болған ауданда орналасқан.

Айта кетейік, кеше АҚШ-тың Юта штатында саясаттанушы Чарли Кирк кісі қолынан қаза тапқан. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0