742 млрд теңгелік жоба: Жамбыл облысында ірі жел электр станциясы салынбақ

Қазан 6, 2025 - 11:02
 0  4
742 млрд теңгелік жоба: Жамбыл облысында ірі жел электр станциясы салынбақ
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясы салынбақ. Ауқымды жобаға 742 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Астана қаласына жұмыс сапары барысында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесті. Кездесуге сондай-ақ өңірлік басқарма басшылары, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері және БАӘ-нің Қазақстандағы Елшісі қатысты.

Жиында Сарысу және Талас аудандарында жүзеге асырылатын жел электр станциясының құрылысы талқыланды. Жоба 2026 жылы басталып, 2029 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал алғашқы дайындық жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін қолға алынбақ.

Облыс әкімі бұл жобаның тек аймақ үшін емес, жалпы ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, инвесторларға заң аясында толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Masdar — жаңартылатын энергия көздерін дамытуда әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Оның Қазақстанда, соның ішінде Жамбыл өңірінде жүзеге асыратын бұл жобасы еліміздің жасыл энергетика саласындағы әлеуетін арттыра түспек.

Кездесу қорытындысында тараптар жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0