Қазақстанда психологтардың қызметін реттейтін жаңа заң жобасы ұсынылды

Сәуір 9, 2026 - 17:39
Сәуір 9, 2026 - 18:26
 0  5
Қазақстанда психологтардың қызметін реттейтін жаңа заң жобасы ұсынылды
depositphotos.com

Заң жобасы аясында саладағы негізгі ұғымдар нақтыланады. Атап айтқанда, психолог, психологиялық қызмет, ақпараттандырылған келісім, психологиялық көмектің сапасы және кәсіби құпиялық сияқты түсініктер енгізіледі.

Құжатқа сәйкес, психологтар міндетті түрде мемлекеттік тізімге тіркелуі тиіс. Сондай-ақ олардың біліміне, қайта даярлауына және біліктілігін растауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Мамандар кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырып отыруы қажет.

Заң жобасында психологтардың құқықтары мен міндеттері де нақты бекітіледі. Оларға этикалық нормаларды сақтау, клиенттен келісім алу, кәсіби құпияны сақтау және ақпаратты үшінші тұлғаларға таратпау талаптары кіреді.

Сонымен қатар, психологиялық көмек алушылардың да құқықтары қарастырылған. Азаматтар маманды өз бетінше таңдай алады, толық ақпарат алуға, көмектен бас тартуға және өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік алады.

Құжатта психологтарға медициналық қызмет көрсетуге, дәрі тағайындауға тыйым салынады. Сондай-ақ психологиялық қызмет туралы жалған ақпарат таратуға және нәтижеге кепілдік беруге болмайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0